Қазақстанда ең жоғарғы зейнетақы қанша

32

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 20% – ға өсті, деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры негізгі көрсеткіштерге шолу жасап.
“2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 16,4 трлн теңге болды. Бір жыл ішінде ол 2,7 трлн теңгеге немесе 20%-ке өсті”, – делінген хабарламада.
2023 жылғы қаңтар – шілдеде таза инвестициялық табыс 760,9 млрд теңгеден асты. БЖЗҚ-нан төлемдер түріндегі шығыс жыл басынан бері шамамен 286,2 млрд теңге болған. Шамамен 132 млрд теңге төлем тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 85%-ке төмендеді. Зейнетақы жасына байланысты төлемдер шамамен 83,3 млрд теңге болды.
“Бұл ретте БЖЗҚ-нан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 32 122 теңге, ал ең жоғары сома – 742 692 теңгені болды”, – делінген хабарламада.
Өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-нан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 29 812 теңгені, ал ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады.
Advertisements