40 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУҒА ӨТІНІШ БІЛДІРГЕН

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалы ЖЖЕ 3.0 жаңа жүйесін енгізе отырып, теориялық емтихан тапсыру қиындай түскенін атап өтті. Осылайша, ағымдағы жылдың қазан айынан бері 40-қа жуық тест нәтижесі жойылды.
ЖЖЕ 3.0 жүйесі емтихан тапсырушының емтихан кезіндегі іс-қимылын және тестілеу үдерісінің аудио және бейне жазбаларын жасауға мүмкіндік берді. Емтихан тапсыру кезінде клиент биометриялық деректер бойынша сәйкестендіріледі, бұл бөгде адамдардың емтиханға кіруіне тосқауыл болады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 11 айында 40 мыңға жуық шымкенттік жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірген. Оның 23 мыңы емтиханды сәтті тапсыра алса, 13 мыңға жуық адам теориялық емтиханнан өте алмады.
—Жыл сайын жүргізуші куәлігіне сұраныс артып келеді. Сондықтан біз бұл процесті барынша ашық етуге мүдделіміз. Мамандандырылған ХКО арқылы жылына 300 мың қызмет көрсетеміз. Ал, жүргізуші куәлікке келсек, оны 83 мыңға жуық шымкенттік жүргізуші куәлігін алуға және мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыруға өтініш тапсырған, — деді Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасары Аманжол Мәди..
Естеріңізге сала кетейік, үміткер жүргізуші куәлігін алғаш рет алу үшін екі емтихан тапсыруы керек – теориялық және практикалық. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында үш Мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді, олардың екеуінде автодром бар.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға...

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға...

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...