ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ГАЗОБЕТОН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазығұрт ауданы аумағындағы «Қазығұрт» индустриялық аймағында «ЮКГУ» ЖШС-нің «Газобетон блогы» өндіріс орны ресми түрде іске қосылды. Инвестициялық жобаның жалпы құны 273 миллион теңгені құрайды.

Жаңа кәсіпорын тәулігіне 200 текше метр газобетон өнімін шығаруға қауқарлы. Нәтижесінде 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бұл жоба ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, құрылыс саласын сапалы әрі қолжетімді материалмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өндіріс орнының ашылу салтанатына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ректоры Дархан Ахмед-Заки және аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысты. Олар өз сөздерінде жобаның өңір экономикасы үшін маңыздылығына тоқталып, өндіріс пен білім беру саласының байланысын нығайтудың өзектілігін атап өтті.

Сондай-ақ жас мамандарды өндірістік тәжірибеден өткізу, дуальды оқыту элементтерін енгізу және кәсіпорынның алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндіктері сөз болды.

Шара барысында қонақтар өндіріс цехтарын аралап, технологиялық үдерістермен танысты. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген кәсіпорын өңірдегі құрылыс қарқынына серпін беріп, импортты алмастыруға өз үлесін қоспақ.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға...

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға...

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...