Түлкібастың әулиелі жерлері

64

 

Түлкібасы-құт мекен! Талас Алатауы мен қазыналы Қаратаудың  түйіскен тұсында орналасқан, тарихы тереңге жайылған, туып-өскен алтын бесігім  Түлкібас. Байтақ өлкеміздің ең көрікті де шұрайлы жерлерінің бірі де бірегейі деп айтсақ артық етпес! Аудан өндіретін өнімдерінің алуан түрлілігімен де ерекшеленеді:дәнді және майлы дақылдар,бақша дақылдары.жүзім және жеміс-жидектер.Алманың,алмұрттың,жүзімнің түрлі сорттарын кездестіруге болады.Сонымен қатар Қазақстан бойынша жалғыз түрлі-түсті цемент шығаратын зауыт бар. “Ақсуым – Арымдай, Жабағылым– Жанымдай…” деп ақын Әбдібек Аралбайұлы жырлағандай дүниежүзіне әйгілі Ақсу-Жабағылы қорығы да осында.Кез-келген мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының  бірі — оның табиғи қорлары, табиғат байлығы. Еліміздің бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енді.Түлкібастың жерұйығы да, жәннаты да – осы. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – ең алғаш ашылған қорықтардың бірі. Қорық теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы аймақты алып жатыр. Бұл жерден жоғалып бара жатқан сирек кездесетін жан-жануарларды, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдіктерді тамашалай аласыз. Ақсу-Жабағылының емдік қасиеті мол, тау ауасы, қарасаң көз тоймайтын ерекше табиғаты, бұлақ сулары, өсімдіктер мен жануарлар әлемі ерекше сезімге бөлейді. Әрі бұл қорықтан Африканың, Орталық Азия елдерінде кездесетін жан-жануарларды табасыз. Өсімдіктер әлемі өте бай. Емдік қасиеттері мол дәрілік шөптерді де қорықтан кездестіруге болады. Қорықтың ең басты символы – “грейг” қызғалдағы болып табылады.Қорықтың аумағында 55-тен астам құс пен 200 ден астам өсімдіктің түрі бар.Жүз рет естігенше бір рет көр демекші заманымыздың заңғар жазушысы Шерхан Мұртазаның түсіне кірген қорықты бір көрген жанның оны ешқашан ұмытпасы анық.Аудан 1928 жылы құрылған.Орталығы-Тұрар Рысқұлов ауылы.Құрамында 13 ауылдық округ пен 2 поселке бар.ХІХ ғасыр соңында өңірге украиндер мен орыстар қоныс аудара бастайды.Ресейдің басқыншылық саясатының кесірінен Арыс өзенін бойлай ауылдарға Высокое,Ванновка,Корниловка,Антоновка.Ильинка,Сергеевка сияқты орыс атауларын берген.Тәуелсіздік таңы  арайлап атқан күннен бастап аудан жемісті дамып,өсіп-өркендеген.Елді-мекендерге толықтай қазақ атауларына көшті. 95% пайыз табиғи газбен,ауыз сумен қамтылған.

Аудан туралы кішігірім мәліметтер осы.Ал киелі жердің қасиетті,әулиелі жерлері туралы не білеміз? Түлкібас ауданы құт дарыған әулиелі жерлерімен де көпшілікке мәлім.Өңірде Айзада ана әулие үңгірі,Бабаүңгір әулие,Зұлфы әулие үңгірі,Қарауыл төбе атты қасиетті орындар,Әулие төбе,Жалғыз тал әулиеКөктерек әулие,Қамбар ата әулие,Қыз әулие,Қарлығаш әулие,Жалғыз тұт әулие,Қызылжар әулие,Сәлделітас әулие,Түйелітас әулие сияқты киелі орындар,Ақбастау әулие бұлағы,Әулиебастау,Көз әулие суы,Бала бұлақ әулие суы,Кемербастау әулие бұлағы,Көкбастау әулие суы,Көкбастау шипалы суы,Қарабастау әулие бұлағы,Қотырбұлақ әулие,Тамшы әулие шипа суы сияқты халық әулие санайтын шипалы сулары,Абылай әулие,Айзада ана әулие,Айқожа Ақбас ата әулие ,Ақбура әулие,АҚжол әулие,Ақтанды әулие,Бақсы баба әулие,Бикелді әулие,Дәубаба әулие,Көз ата әулие,Көктаңды әулие,Қазгелді әулие,Қатын әулие,Майлықара әулие, Мараталы әулие,Мәмбет әулие,Түркібасы әулие,Шақпақ ата әулие сияқты әз де әулиелі кісілер зираты,кесене-ғимараты мен тағы басқа көптеген мәдени-тарихи орындары бар.Соның ішінде Жаскешу ауыл әкімшілігіне қарасты Пістелі ауылынан үш шақырым жерде орналасқан Көкбұлақ өзенінің оң аңғарында “Абылай ата” әулие орны бар.Бұлақ суының күншығысында қураған үш түп қызыл долана бар.Келушілер ағашқа жіп байлап тастаған.Қураған ағаштан 1-1,5 метрдей жерде үлкендеу төбешік бар.Жергілікті халық осы төбеге “Абылай ата мен әйелі жерленген” дейді.Абылай әулие ата Байыс ішіндегі Найманбай атасынан өрбиді екен.Емші әрі көріпкел кісі болыпты.Адамдар мен малдар арасында болатын түрлі кеселдердің емін білген екен.Әсіресе малда көптеп кездесетін топалаң,лаң,індет сияқты аурулардың жазудың жолын біліпті.Дүние салар кезінде мені жерлеп болған соң,астымнан бір құшақ су шығады.Сол су қажеттеріңе жарап,ауруларыңа ем болады деген екен.Міне,тас астынан атқылап жатқан сол су екен.Келесі бір халық арасында кең таралған әулиелердің бірі Айқожа (Ақбас ата әулие),Абай ауылынан сегіз шақырым шығыстағы Қанай қорымында орналасқан.Ақбас атаның шын есімі-Айқожа.Ол Бұқара мен Самарқанда білім алған,сопы,әулие кісі болыпты.Айт намаздарын Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде оқиды екен.Сондай бір сапарында Төрткүлдегі бір үйге қона жатады.Сонда бір ақ қозы есік алдында ойнақтап,алдынан ары-бері жүгіріп өтеді..Сонда Айқожа ата ақ қозыға қарап отырып,егесіне:

  • Мына ақ қозыны, терісін бүлдіртпей тұздап қоя салыңызн.Мен қайтарда бас киім тіктіріп алайын,-деп өтініш айтады.Қонағының тегін адам емес екендігін үй иесі түсініп,өтінішін орындайды.Айқожа қайтарда ақ қозының терісінен ,ас киім тіктіртіп,соны қысы-жазы киіпті.Сол бас киіміне қарап “Ақ бас ата”деп атаған екен.Ел-ішінде Ақ бас атаның көріпкелдігі,қасиеті жайлы көптеген әңгімелер әлі күнге дейін айтылады.Бүгінде жергілікті ауыл жұрты ауырған малдарын әулие басына апарып түнетеді екен.

Керейіт ауылының іргесінде Ақбастау әулие бұлағы ағып жатыр.Бұлақ суы үлкен қатпар тастың астынан шығып жатыр,Айналасын бүлдірген,киікоты,тәк-тәк  жалбыз,қоға,көкжапырақ басқан.Судың қасиеті-көз,асқазан,бауыр,бүйрек сияқты ағза мүшелеріне ем. Жиынбай ауылының батысында төрт үлкенді-кіішілі бұлақ суының қоспасынан пайда болған Әулиебастау емдік суы бар.Бастау суының құрамы арнайы тексеруден өтпеген,бірақ жергілікті халық оны қасиетті де киелі санайды,Су ішкі ағза мүшелеріне ем дегенді айтады. Шақпақ әкімшілігінен екі шақырымдай солтүстік-батыстағы Кеңсай аталатын тау сілеміне барар жол бойында Көз әулие орналасқан .Бұлақ көзінің айналасы тасты,су сол,тас қойнауының,бірнеше жерінен шығып,Кеңсай суына қосылады.Қасиеті-көз ауруларына пайдаланылады.Көздің нұрын ашып,көззге түскен ақ дақтарды кетіруге пайдалы.Басына қойған белгісі Кемербастау елді мекенінің оңтүстік-шығысындағы ескі қорымда Бикелді әулие басы жерленген.Ол  қасиетті кісі болған екен.Бикелді әулие шырақшысы Мейірман қажы Пернебайұлының әңгімесі:

  • Осы өлкенің төрт кереметі бар.Біріншісі- Кемербастау деген ауыл аты,ол елуден аса бұлақ көзінен секундына 150 литрден аса су шығатын қасиетті де.киелі мекен.Екіншісі- тау бөктерінде Алла Тағаланың сүйікті елшісі пайғамбар Мұхаммедтің сол аяғының ізі бар.Үшінші кереметі-тау бөктерінен шыққан судың орта белінде Бикелді баба әулие моласы бар.Төртіншісібұлақ суының емдік қасиеті.

Тәңірдің нұры түскен,кие тұтқан ата-бабаларымыздың әруағы жайлаған киелі орындарға қандастарымыз өздерінің наным-сенімдеріне сай арнайы барып,зиярат етіп жатқаны таңсық емес.Сондай түлкібастың әулиелі орындарының бірі-Кемербастау әулие бұлағы.Бұл суды жұртшылық әуелден киелі санайды.Бұлақ суы мөп-мөлдір,тап-таза,құрамы түрлі пайдалы элементтерге бай,сондықтан емдік қасиеті бар.Қараусыз қалған бұлақ суын демалуышылар ластап кеткен-ді.Ауыл тұрғындары қолдауымен Кемербастаудағы Әулиебұлақ басына Садырбеков Мейірман қажы қоныстанып,1998 жылдан бастап шырақшылық ете бастайды. Бүгінде бұл араға тек зиярат етушілер мен бұлақ суынан ем алушылар ғана келеді екен. Машат ауыл әкімшілігінде Қыз әулие деп аталатын үш орын бар. Біріншісі-Машат ауылынан бір шақырым бастыста.Арыс өзені бойындағы жазықтың төбемен түйіскен беткейінде.Бұлақ суы Қарауылтөбенің солтүстік-батысындағы беькейінен шығады.Бұлақ көзінің айналасы толған қызыд долана.Суның қасиеті-ішкі ағза ауруларына ем.Екіншісі-бірінші Қыз әулие суынан – 550-600 метр шығыста орналасқан.Цемент құйылған жерден үш метр төменде екі арнада екі бұлақ көзі бар.Суы тап-таза.мөлдір әрі мұздай.Үшіншісі-Машат елді мекенінің шығысындағы төбеде орналасқан.Суының құрамы үш айға дейін өзгермей тұрады екен.Мұнда көбінесе тері ауруларымен ауыратын адамдар келіп,жуынады екен.Ауданымыздың келесі бір ірі әулиелерінің бірі- Түркібасы әулиесі. Кесене Азаттық ауылында,Шымкент-Алматы автомобиль жолының сол қапталында тау беткейінде орналасқан.Алыстан күмбезді сағана көзге бірден шалынады.Зиярат етушілер жалпы саны 688 баспалдақ арқылы күмбезге көтеріледі.Жоғары көтеріліп 196 баспалдаққа жеткен соң,оң қанатта бұлақ суы бар.Бұлақ суы ешқайда ақпайды,көлшік болып тұрады.Аңыз бойынша өте ерте заманда Түркі деген ұлы ел болыпты.Жаугершілік өте жиі болған заманның бірінде бас қолбасшысы мерт болып,жол бойында ерекшеленіп тұрғаан төбеге жерлейді.Содан бері Азаттық ауылындағы ерекшеленіп тұрған төбе Түркібасы деп аталып кетіпті.Ұзын, биік баспалдақтармен көтеріліп,басына зиярат еткен жандарды әулие әруағының рухы ниеттерін қабыл етеді.

Міне,тарихы терең киелі мекен Түлкібас өңірінің әулиелі жерлеріне қысқаша зерттеу жасадық.Қос қанатындай болған Құлан мен арынды Арыс өзенінің қол ұстасқан тұсында қаншама әулиелі жерлер бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы» дейді.Ендігі мақсат – ұлттық байлығымызды бағалай білгеніміз.

 

 

Advertisements